
КЕНТТЕГІ БІЛІМ ОРДАСЫНЫНЫҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ Ә.ЕРМЕКОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП ЖАНЫНА САЯБАҚ АШЫЛЫП, 400 ТҮП ҚАРАҒАЙ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ! Бүгін, яғни 25 қыркүйек күні кентіміздің Ә.Ермеков атындағы жалпы орта білім беру базасындағы тірек мектебінің қасына саябақ ашылып, 400 түп қарағай отырғызылды. Бұл шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның жасыл экономикаға көшуі туралы бастамасын қолдау мақсатында "Қамқор Менеджмент" компаниясы тәрізді алып кәсіпорын әзірлеген "Қамқор Green" бағдарламасы негізінде жүзеге асырылды. Қазіргі әлемде өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналып отырған экологиялық проблемаларды шешудің бірден бір жолы көгалдандыру болса, бүгінгі шара кент тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру, жақсарту мен денсаулығы үшін жасалған нақты қадам болды деп есептейміз. "Қамқор Менеджмент" компаниясы тәрізді алып кәсіпорынның қолдауымен жүзеге асырылған бұл шара мектеп жасындағы жасөспірімдерді табиғатты аялауға, отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелері сөзсіз. Салтанатты ашылу аясында Шет ауданы әкімінің орынбасары Д.Карсембаев игі шараның ашылуымен құттықтап, аудан әкімінің атынан компания басшылары Мұрат Мұхаметқазыұлы мен Әділжан Сейілханұлына алғыс хаттар мен естелік сувенирлер табыстады. Шара барысында лента қию рәсіміне кент әкімі А.Әбілдин мен Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қамқор Локомотив" бірыңғай диспечерлік орталығының басшысы Ә.Қанатбаев шақырылып, одан кейін кент ақсақалдары атынан Е.Аманбаев, Шет ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Д.Бақаев және шара қонағы "Қамқор Локомотив" бірыңғай диспечерлік орталығының басшысы Ә.Қанатбаевқа сөз беріліп, жақсы тілектер мен ізгі ниеттер білдірілді. Мектеп оқушылары мен мәдени-сауық орталығының әншілері ән айтып, жас жеткіншектер өз өнерлерін ортаға салды. Мұндай үлкен шараның өтуіне мұрындық болған, қолдау көрсеткен барша ел ағалары мен жанашыр азаматтарға алғыс білдіреміз.