ҚАРТ АНАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ!

ҚАРТ АНАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ!

Бүгін еліміздегі қарттар күні мерекесіне орай, аудан әкімі М.Мұхтаров бастаған әкімдік өкілдері алтын құрсақ ана Акишева Тұрсынкүлдің шаңырағына арнайы барып, қарт ананы мерекемен құттықтап,гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыстап қайтты. Өмірге 11 ұрпақ әкелген "Алтын алқа" иегері Тұрсынкүл апа 97жаста. Ғасырға жуық өмірінде ұл - қыздарын тәрбиелеп,олардан немере - шөбере сүйіп отырған ардақты жан өзіне арнайы келіп, құттықтап жатқан аудан әкімі мен әкімдік өкілдеріне шынайы алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.Өз кезегінде аудан басшысы да көргені мен түйгені көп,ғұмыры ғибрат абыз ананың шаңырағына береке - бірлік, сарқылмас қуат пен жан шуағын тіледі.