АУДАН ӘКІМІ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ!

АУДАН ӘКІМІ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ!

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров жылдың үздік педагогы мен облыстық білім беру саласының құрметті педагогын қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Аталмыш іс – шараға аудан әкімінің орынбасары Р.Рысқалиұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Ахмедия, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Ақымжанов, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп – гиманзиясының директоры Г.Ермековалар мен жүлдегер ұстаздар қатысты. Шара барысында ауданымыздағы академик Ж.Ақылбаев атындағы мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстазы, биылғы республикалық «Үздік педогог -2021» байқауының жеңімпазы А.Бөлкенбаева аудан әкімінің 200 мың, аталмыш мектептің бастауыш сынып ұстазы, «Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогы» төсбелгісі мен облыс әкімі сыйлығының иегері Г.Әлібаева аудан әкімінің 100 мың теңгелік сертификаты мен гүл шоқтары құрметпен табысталды. Кездесуге қатысушылар жүрекжарды құттықтаулары мен жылы лебіздерін білдірсе, үздік деп танылған ұлағатты ұстаздар өздеріне арнайы көңіл бөліп, қолдау танытып жатқан барша азаматтарға ақеділ көңілдерін жеткізді.