
2021 жылдың 1 қазанынан бастап Қарағанды облысы «сары» аймаққа кірді, коронавирустық инфекция бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал сақталған жағдайда ағымдағы жылдың 8 қазанынан бастап әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеудің келесідей шарттары енгізіледі:
1) жексенбі күндері" ASHYQ " жобасына қатыспайтын объектілердің:
- азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған), оның ішінде ауданы 2000 шаршы метрден астам сауда желілері;
- жабық базарлар (азық түлік және азық-түлік емес);
- сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер;
- спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога орталықтарын қоса алғанда;
- сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің қызметі қайта жанданады
2) "ASHYQ" жобасына қатыспайтын объектілердің жұмыс режиміне келесідей жеңілдетулер енгізіледі:
- балалар түзету кабинеттерінде, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарында 15 адамнан аспайтын топтың толуын шектеу алынады;
- халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда (қонақ үйлер, отельдер, санаторлық-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.) 80% толтырылу шектеуі алынып тасталады;
- сұлулық орталықтары мен салондарында, шаштараздық, косметологиялық қызмет көрсететін объектілерде, сондай-ақ маникюр мен педикюр қызметтерін алдын ала жазу бойынша қабылдау талабы жойылады;
3) қоғамдық тамақтану объектілеріне (үй-жайда) (мейрамхана, кафе және кофехана типі) бойынша толтырылуы 50%, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге, ал "Ashyq" қосымшасын пайдалану арқылы адамдар санын 60 адамға дейін ұлғайтуға рұқсат етіледі;
- асхана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілеріне "Ashyq" қосымшасын пайдаланған жағдайда да, онсыз да тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат етіледі (бұрын 24.00-ге дейін болған);
4) "Ashyq" қосымшасын пайдаланбай көрермендермен спорттық іс-шараларды толымдылығы 15% - дан аспайтын кезде өткізуге рұқсат етіледі, бұл ретте "Ashyq" қосымшасын пайдалану және спортшылар мен көрермендерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда толтырылу 50% - ға дейін ұлғайтылуы мүмкін;
5) мәдениет объектілерінде 30 адамнан аспай репетициялар өткізуге рұқсат етіледі, ал "Ashyq" қосымшасын пайдалану арқылы толымдылығын 50 адамға дейін арттыра алады;
6) театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялардың қызметі толымдылығы 20%-дан аспаған кезде қайта жаңданады, ал "Ashyq" қосымшасын пайдалана отырып, толымдылығын 40%-ға дейін ұлғайтуға рұқсат етіледі;
7) қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдарға толымдылығы 75% кезде, бірақ 15 адамнан аспай жұмыс істеуге рұқсат етіледі, ал "Ashyq" қосымшасын пайдалана отырып , адамдар санын 25 адамға дейін ұлғайта алады;
8) "Ashyq" қосымшасын пайдаланған жағдайда, келесілерге:
- караоке, лотерея клубтарында және лотереяны өткізудің өзге де нүктелерінде, балалар ойын-сауық орталықтарында (жабық, ауданы 500-ден 1000 шаршы метрге дейін), букмекерлік кеңселерде, сондай-ақ еске алуды өткізуге арналған банкет залдарындакелушілер санын 30-дан 50 адамға дейін арттыруға;
- мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсетуге арналған банкет залдарында отыратын орындар санын 50-ден 60-қа дейін арттыруға:
- бильярд, компьютерлік клубтарда, соның ішінде PlayStation клубтарында, боулингтерде толымдылығы 30%-дан 50% - ға дейін арттыруға рұқсат етіледі.
("Ashyq" қосымшасы болмаған жағдайда жоғарыда көрсетілген объектілердің қызметіне тыйым салынады).
9) Бұдан басқа қашықтықтан жұмыс істейтін нысандағы қызметкерлердің санын мемлекеттік органдарда (ұйымдарда, кәсіпорындарда), квазимемлекеттік сектор органдарында, ұлттық кампанияларда, өзге де ұйымдарда, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің кеңселерінде 80% - дан 50% - ға дейін азайтуға рұқсат етіледі.
Қызметкерлерді COVID–19 ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қашықтықтан және көзбе-көз жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескермей қызметті жүзеге асыруға рұқсат етіледі. Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде COVID–19 ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19 бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.
10) қауіпсіз (жасыл) мәртебесі болған кезде "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде:
- адамдар көп жиналатын салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), конференцияларды, форумдарды, ойын-сауық және өзге де іс-шараларды өткізу кезінде қонақтардың саны 50 адамнан 70 адамға дейін ұлғайтылды, бұл ретте толымдылығы 50% - дан аспауы тиіс;
- көрмелерді өткізу кезінде келушілер саны 200 адамнан 300 адамға дейін ұлғайтылды, бірақ толымдылығы 70 адамнан аспауы керек;
- марафондарда (ашық ауада) адамдар саны 500 ден 800 адамға дейін арттырылды;
- спорттық іс-шараларды өткізу кезінде көрермендер отыратын орындар саны 50% - дан 70% - ға дейін арттырылды;
-спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтарының (жаттықтырулардың), сондай-ақ діни объектілердің (жабық үй-жайларда ұжымдық құлшылық етуді өткізу кезінде) толтырылуы 20% - дан 30% - ға дейін ұлғайтылды.
Қаулы ағымдағы жылдың 08 қазанынан бастап күшіне енеді.