Кеше аудан әкімі М.Мұхтаровтың елді мекендерге жасап жатқан іс - сапары Талды, Ақшоқы ауылдық округтерінде жалғасты. Сапар барысын Талды ауылынан бастаған аудан басшысы ауылдағы Ж. Байтуовтың 130 жылдығына арналған аллеядағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен және ауылдағы әлеуметтік нысандардын қысқы жылу маусымына дайындығымен танысты. Сонымен қатар, жергілікті әкімдік ғимаратында бюджеттік мекеме басшыларымен кездесу өткізіп, күн тәртібіндегі шешілуі тиіс келелі мәселелерді талқылады. Осыдан кейін, Ақшоқы ауылдық округіне ат басын тіреген аудан басшысы аталмыш ауылдың «Болашақ» көшесінде балаларға арналып абаттандырылған аллеяны аралап шықты. Сонымен қатар, ауылдағы әлеуметтік нысандардын қысқы жылу маусымына дайындығын тексеріп, бұл жерде де жергілікті мәселелерді шешуге бағытталған бюджеттік мекеме басшыларымен жүздесу ұйымдастырды. Аудан басшысы өз кезегінде екі ауылдық округ әкіміне атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына баса назар аударуды және оларды уақытылы аяқтауды қадағалауды тапсырды.