АУДАН ӘКІМІ АҚЖАЛ КЕНТІНДЕ!

АУДАН ӘКІМІ АҚЖАЛ КЕНТІНДЕ!

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың елді мекендерге жасап жатқан іс - сапары бүгін Ақжал кентінде жалғасты.
Алдымен аудан басшысы кенттегі жүргізіліп жатқан жұмыстарды аралап, бірнеше нысандарды арнайы көріп шықты.
Биылғы жылы кенттегі бірнеше көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына абаттандыру жұмыстары басталып, нәтижесінде қазіргі уақытта аула аралық жолдардың (2,5 шақырым) тегістеліп, негізгі төсеніші аяқталуға жақын. Аудан басшысын осы іспеттес істермен таныстырған кент әкімі аталмыш жерлерге алдағы уақытта асфальт төсеу бойынша жоспары туралы айтып өтті. Ал, аудан әкімі тарапынан жұмыстардың сапасына баса назар аудару, олардың уақытылы аяқталуын қадағалау тиісті басшылыққа тапсырылды.