
Бүгін Шет ауданы әкімінің орынбасары болып 33жастағы Рысқалиұлы Рүстем тағайындалды. Жаңа лауазым иесін аудан әкімі М.Мұхтаров таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Рүстем Рысқалиұлы 1988 жылы 15 наурызда дүниеге келген. 2 жоғары білімі бар.
2011 – 2012 жылдары Қарағанды қаласында аға инспектор - жол полициясы, 2014 –2015 жылдары Михайлов полиция бөлімінде тергеуші, 2016 –2018 жылдар аралығында Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маман-заңгері,
2018 жылдан бүгінге дейін Қарағанды облысының әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған.