КӨКТІҢКӨЛІ АУЫЛЫНДАҒЫ КӨРНЕКТІ ІС!

КӨКТІҢКӨЛІ АУЫЛЫНДАҒЫ КӨРНЕКТІ ІС!

КӨКТІҢКӨЛІ АУЫЛЫНДАҒЫ КӨРНЕКТІ ІС!
Ауданымызға қарасты кенттер мен ауылдық округтерде көшелерді жарықтандыру мәселесі оң шешімін тауып келеді. Осыған дейін аудан аумағындағы бірқатар елді – мекендердегі көшелерге жаңа бағаналар орнатылып, жарықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылған болатын.
Солардың бірі күні кеше ғана Көктіңкөлі ауылдық округіндегі Көктіңкөлі көшесінің бойына 33 бағана жарық нүктесі орнатылып, іске қосылды.
Аталмыш жұмыстың іске асуына ерекше үлес қосқан «Электржабдықтау» ЖШС-тігіне тұрғылықты халықтың ризашылығы айрықша бөлек.
Ал, бұл жұмыстарды уақытылы аяқтауға жауапты мердігер: «ҒАЙСА» ЖШС-і болды. Айта кету керек, жергілікті жұртшылықтың игілігіне арналған мұндай ілкімді істер ілгері уақыттарда да іркіліссіз жалғасын таба бермек.