ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНЫҢ ЗАРДАБЫН ЖОЮШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНЫҢ ЗАРДАБЫН ЖОЮШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНЫҢ ЗАРДАБЫН ЖОЮШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ
Аудан орталығы Ақсу-Аюлы орталық саябағында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Конститутциясы күніне орай радияциялық апаттың зардабын жоюға қатысқан азаматтарға арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті.
Ескерткіш ашылуына арналған жиынға Қарағанды облысы «Чернобыльдің аса қауіпті аймақта болған мүгедектер ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Баекенов Мейрамбек Кәрімұлы сөз сөйлеп, апат ардагерлерлеріне көрсеткен құрметі үшін аудан басшыларына алғыс айтты. Сондай-ақ іс-шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Карсембаев және ескерткіш тақтаның архитекторы И.Маграмов ескерткіштің маңызы туралы және ел алдындағы борышын адал атқарған ардагерлеріне ыстық лебізін жеткізді. Жиналған жұрт апат құрбандарына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Осы іс-шараға келген құрметті қонақтар қатарында Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлеріміз Жұмабай Ермек Ізбасарұлы, Қаныбеков Танас Сағынайұлы болды.
Еске сала кетейік, Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апаттың орын алғанына 35 жыл. Адамзат тарихында ең ірі техногендік жарылыс – Чернобыль атом-электр станциясының төртінші блогі жарылып, әлемдегі ең ірі апат ретінде тарих бетінде қалды.