
Ауданымызға қарасты Ақшоқы ауылдық округінде ауылдың ажарын келтіру, көркейту жұмыстары жалғасын табуда. Ауылдың көркі болған балаларға арналған бұл аллея жергілікті бюджет қаржысынан Болашақ көшесіне салынды. Қазіргі таңда, аталған аллеяның абаттандыру жұмыстары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Мердігер: «Шет – строй» ЖШС-і.