Аудан аумағында коронавирус инфекциясын таратпау және алдын алу мақсатында енгізілген карантиндік шараларды сақтау үшін 23 адамнан құралған 2 мобильді топ бүгінде өз жұмыстарын атқаруда.

Аудан аумағында коронавирус инфекциясын таратпау және алдын алу мақсатында енгізілген карантиндік шараларды сақтау үшін 23 адамнан құралған 2 мобильді топ бүгінде өз жұмыстарын атқаруда.

Аудан аумағында коронавирус инфекциясын таратпау және алдын алу мақсатында енгізілген карантиндік шараларды сақтау үшін 23 адамнан құралған 2 мобильді топ бүгінде өз жұмыстарын атқаруда. 2021 жылдың 31 шілде күні 2 аудан арасында ратация жүргізу жұмыстары бойынша ауданымызға Ақтоғай ауданынан мобильдік топ мүшелері келіп, тексеріс жүргізген болатын. Сондай- ақ ағымдағы жылдың 14 тамыз күні Жаңаарқа ауданынан мобильдік топ келіп, өз жұмыстарын атқарды. Бұл азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін аса маңызды шара деп түсінуіміз керек. Кейінгі кезде ұзаққа созылған карантин шектеулері, күнделікті тәулік бойы түрлі бұқаралық ақпарат көздері арқылы таралып жатқан сақтық, ескерту шаралары көп азаматтар үшін үйреншікті жәйтке айналып кеткендей. Ол әсіресе, елден жасырын той ұйымдастырып, сақтық шараларын қолданбастан топтық жиналыстар өткізіп жатқан азаматтарымыздан анық байқалады. Сонымен бірге, ауданымыздағы кейбір дүкендер мен сауда орындарында санитарлық талаптарды бұзылу фактілері көрініс беруде.
Қадірменді аудан тұрғындары! Төрткүл әлем жұртшылығы тосыннан келген инфекциялық індетке селқостық танытпау керек екендігін жақсы түсініп, күллі адамзатқа дабыл қағуда. Қаз дауысты Қазыбек би бабамыз «Бір адамның беделі – мың адамның мерейі», бір адамның есірі – мыңға тиер кесірі» деген екен. Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алудағы басты тосқауыл әр адамның сақтық шараларын сақтап, көпшіліктен оқшаулануы. Жақындарымыз бен ауылдас ағайын жұртымыздың қауіпсіздігіне көңіл бөліп, көпшілік жерлерден, топ болу жиналудан мүмкіндігінше ырықты түрде бас тартсақ, біз бұл індетті бірге жеңіп шығамыз. Өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыз!

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі