Awarding of athletes

Awarding of athletes

Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні болып белгіленген. Аталған мерекеге орай, аудан әкімі М.Мұхтаров ауданымыздың абыройын асқақтатып спорт әлемінде өшпес із қалдырып, талай додаларда бағын сынап, ел мерейін үстем етіп жүрген тұғырлы өлкеміздің талантты спортшыларын мерекелерімен құттықтады.
Спорт әлемін өркендетуге өрнекті із қалдырған еңбегімен ел құрметіне бөлеген аға буын өкілдері өз алдына бір төбе болса, кейінгі жас ұрпақтарда спорттан құр алақан емес, спорттың қай түрінен болса да майталман спортшыларымыз ауданымыздың мерейін асқақтатуда. Сонымен қатар, қазақ халқының ұлттық өнері – құсбегілікті биікке көтеріп, саясаткерліктің сәнімен шет елдерді де тамсандырған ауданымыздың спортшылары көпке мәшhүр.
Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары арта берсін!