Жаңа жол салынуда

Жаңа жол салынуда

Аудан аумағында көлік инфрақұрылымын дамыту оның ішінде аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өткізу жұмыстары биылғы жылы да жалғасуда. Бүгінгі күнде аудандық маңызы бар "Қызылтау (Ақшоқы) ауылына кіреберіс, км 0-54" автомобиль жолының 0-9 км бөлігі, яғни Нұраталды-Талды ауылдары аралығындағы тас жолына суық ресайклер әдісімен орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселуде.
Айта кетсек, 2020 жылы аталған жолдың 9-18 км жолына суық ресайклер әдісімен орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді.
Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі: республикалық және облыстық бюджеттің қаражаты.
Тапсырыс беруші: Ауданның ТКШ ЖК АЖ және ТҮИ бөлімі.
Жауапты мердігер: "КЕМЕҢГЕР ЖОЛ" ЖШС