
Аудан әкімі М.Мұхтаровтың қатысуымен күнделікті ZOOM онлайн форматы арқылы жиын өткізіледі. Жиынға кент, ауыл әкімдері және мекеме басшылары тұрақты қатысады. Жиын барысында ауданымыздағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинациялау жұмыстарының жүргізілуі, мобильдік топтың жұмыстары бойынша күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, аудан әкімі тарапынан берілген тапсырмалардың орындалуы мен КВИ-ға жауапты мамандардың күнделікті есептері тыңдалып отырады.