Мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы, бағдарлы болашағының бастауы. Мәдениеттің өсуі – елдің өсуі, ұлттың өсуі. Тәуелсіздігіне тәубе етіп, Мәңгілік Ел болуды мұрат тұтқан халқымыздың рухани бай дүниесінің өлшемі мен өресі де осы мәдениет пен өнер шоқтығында жатыр.
Осыған орай, ауданымызға қарасты Нұраталды ауылдық округінің Қызылқой ауылында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жаңа мәдениет үйі жөндеуден өткізіліп, нысан есігі айқара ашылмақ. Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың шілде айында бастау алса, қазіргі таңда, ішкі құрылыс жұмыстары аяқталуға шақ қалды. 50 орындық деп жоспарланған мәдениет үйінің жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталып, халық игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда. Мердігер: «Ғимарат-KZ» ЖШС-і.