
Ауданымызға қарасты Батық ауылдық округінің әкімі болып 42 жастағы Нұрасыл Зарлықханұлы сайланды.
Әбілда Нұрасыл Зарлықханұлы 1979 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы Ақой ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «бейнелеу өнері және сызу» және 2008 жылы Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» институтын «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Батық орта мектебінде сызу және сурет пәнінің мұғалімі болып бастап, 2002 жылы Қарағанды облысының ішкі істер департаментінде қызмет етеді. 2013 жылдан Батық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарып келді.
Кездесу барысында жаңа әкімді ауыл тұрғындары жаңа лауазымымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі!
______________________
Ауданымызға қарасты Шет ауылдық округінің әкімі болып 40 жастағы Бектас Мұхамбетбекұлы сайланды.
Танатбай Бектас Мұхамбетбекұлы 1981 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы, Шет ауылдық округінің Үңірек ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Қазақстан–Ресей университетін «қазақ тілі мен әдебиеті» және 2012 жылы «Фемида» заң академиясын «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Шет селолық округ әкімі аппаратының іс жүргізушісі болып бастап, 2010 жылы Көктіңкөлі ауылдық округінің жетекші маманы, 2011 жылдан бастап, Шет ауылдық округі әкімі аппаратының бағдарламашысы, бас маманы болып қызмет атқарып келді.
Кездесу барысында жаңа әкімді ауыл тұрғындары жаңа лауазымымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі!
_____________________
Ауданымызға қарасты Өспен ауылдық округінің әкімі болып 32 жастағы Мақсат Нұрмұхамбетұлы сайланды.
Мақсат Нұрмұхамбетұлы 1989 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы, Өспен ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «бастапқы және әскери дайындық» және 2015 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы Қарағанды тау –кен индустриялдық колледжінде оқытушы болып бастап, 2016 жылы Қарағанды технология және сервис колледжінде алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі, 2019 жылы Шет ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт нұсқаушысы болып қызмет етеді. 2020 жылдан бастап «Өспен ауылдық округі әкімі аппаратының» бас маманы болып қызмет атқарып келді.
Кездесу барысында жаңа әкімді ауыл тұрғындары жаңа лауазымымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі!