
Ауданымызға қарасты Красная Поляна ауылдық округінің әкімі болып 29 жастағы Жайдар Абдуллаұлы сайланды.
Шайжанов Жайдар Абдуллаұлы 1992 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. 2014 жылы Орталық Қазақстан Академиясын «техника және технология» және 2018 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша маманы болып бастап, 2016 жылы Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің іс-қағаз жүргізуші-инспекторы, Шет ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет етеді. 2019 жылдан бастап, Шет ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып жемісті қызмет атқарып келді.
Кездесу барысында жаңа әкімді ауыл тұрғындары жаңа лауазымымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі!
_____________________
Ауданымызға қарасты Кеншоқы ауылдық округінің әкімі болып 47 жастағы Алмас Жолдыбекұлы сайланды.
Күлейменов Алмас Жолдыбекұлы 1974 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нұра ауылында дүниеге келген.
1996 жылы Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «география пәнінің мұғалімі» және 2003 жылы Қарағанды «Болашақ» институтын «заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Кеншоқы ауылындағы Нұра орта мектебінің география пәнінің мұғалімі болып бастап, 2001 жылы аталған мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет етеді. 2008 жылы Қазыбек би аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы, 2009 жылдан бастап, Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының жетекші маманы, бас маманы қызметтерін абыройлы атқарады. 2019 жылы Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғи пайдалануды реттеу басқармасы «Қарағанды су қоймалары» заңгері, 2020 жылдан аталған басқарманың инженер – тапографы болып қызмет атқарып келді.
Кездесу барысында жаңа әкімді ауыл тұрғындары жаңа лауазымымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі!
____________________
Ауданымызға қарасты К.Мыңбаев ауылдық округінің әкімі болып 42 жастағы Сержан Шайхыұлы сайланды.
Мұстафин Сержан Шайхыұлы 1978 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылдық округінде дүниеге келген. 2004 жылы Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетін «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Шет ауданы, Ақжал кентіндегі «NOVA ЦИНК» ЖШС-де жабдықтау және өткізу бойынша инженері болып бастап, 2006 жылы «Ақжал» ЖК-нің құрылыс алаң басшысы, 2010 жылы «Алпроф – Электро» ЖШС-де жабдықтау бойынша инженер, бас техникалық басшы болып қызмет етеді. 2014 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коорпарациясы» МЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша халыққа қызмет көрсету жөніндегі Шет аудандық №2 бөлімінің басшысы болып қызмет атқарып келді.
Кездесу барысында жаңа әкімді ауыл тұрғындары жаңа лауазымымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.