
Ауданымызға қарасты Ақадыр кентінің әкімі болып 44 жастағы Азамат Азатұлы сайланды. Жаңа әкімді аудан әкімі Мұхит Сайлауұлы арнайы құттықтап, сәттілік тілеп, алдағы атқарар жұмысына табыс тіледі.
Әбілдин Азамат Азатұлы 1977 жылы Шет ауданы, Ақшатау кентінде дүниеге келген. 1997 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «тарих» және 2011 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «экономика саласын құқықтық реттеу» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Ақжал кентіндегі орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2003 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Абай ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы, 2008-2010 жылдар аралығында облыстық ішкі саясат басқармасында еңбек етті. 2010-2012 жылдары Осакаров ауданында ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2012 жылы қаңтар – тамыз айларында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы, 2012 жылдан Шет ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарып келеді.
Кездесу барысында жаңа әкімді ауыл тұрғындары жаңа лауазымымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі!
______________________
ДӘРИЯ КЕНТІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
Ауданымызға қарасты Дәрия кентінің әкімі болып 36 жастағы Тлеухор Әлімқұлұлы сайланды.
Базылов Тлеухор Әлімқұлұлы 1985 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Экономика заң колледжін «құқықтану» және 2010 жылы Қарағанды «Болашақ» университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Қарағанды» облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы Шет ауданы филиалында ЭВМ операторы болып бастап, кейіннен Шет ауданы Әділет басқармасының іс-жүргізушісі, жетекші маманы, 2009 жылы Шет ауданы Әділет басқармасының басшысы болып жемісті қызмет етеді. 2020 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша халыққа қызмет көрсету жөніндегі Шет аудандық №1 бөлімінің басшысы болып қызмет атқарып келді.
Кездесу барысында жаңа әкімді ауыл тұрғындары жаңа лауазымымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі!
_____________________
ЖАМБЫЛДА ЖАҢА ӘКІМ
Ауданымызға қарасты Жамбыл кентінің әкімі болып 59 жастағы Қару Сүлейменұлы қайта сайланды.
Мыңжанов Қару Сүлейменұлы 1962 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Дружба совхозында дүниеге келген. 1984 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «түсті металлургия заводтарының механикалық жабдықтары» және 2002 жылы Ресей-Қазақстан қазіргі заманғы гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша оқып бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы Жезқазған тау-кен комбинаты мыс зауытыны металлургиялық қондырғылар жөндеушісі болып бастап, 1985 – 1991 жылдар аралығында Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылық өндірістік-техникалық бірлестігінің аға шебері, бақылаушы шебері, инженері болып, 1991 – 1996 жылдар аралығында Қарағанды механикаландырылған дистанциясының Жаңаарқа бөлімшесінде бірнеше жауапты қызметтер атқарады. 1996 – 2010 жылдар аралығында Қарағанды облысы Қаражал қалалық ішкі істер бөлімінің аға инспекторы, Қаражал қалалық ішкі істер бөлімінің орынбасары болып абыройлы қызмет еткен. 2017 жылдан бастап, Шет ауданы, Жамбыл кентінің әкімі болып қызмет атқарып келеді.
Кездесу барысында жаңа әкімді ауыл тұрғындары жаңа лауазымымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі!