Апта жаңалығы: жаңадан сайланған ауыл, кент әкімдері қызметтеріне кірісті

Апта жаңалығы: жаңадан сайланған ауыл, кент әкімдері қызметтеріне кірісті

Елімізде 25 шілде күні ауыл, кент әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы өткен болатын. Сондай – ақ, кент, ауыл әкімдерін алғаш рет сайлаушылар өздері таңдауларын білдірді.
Осы орайда, ауданымызға қарасты 3 кент, 6 ауылдық округтерінде жаңа әкімдер сайланды. Атап айтар болсақ, іргелі елді мекеннің бірі - Ақадыр кентінің әкімі болып Әбілдин Азамат Азатұлы, Жамбыл кентінің әкімі болып Мыңжанов Қару Сүлейменұлы және Дәрия кентінің әкімі болып Базылов Тлеухор Әлімқұлұлы сайланды. Сондай – ақ, Батық ауылдық округінің әкімі болып Әбілда Нұрасыл Зарлықханұлы, Кеншоқы ауылдық округінің әкімі болып Күлейменов Алмас Жолдыбекұлы, Красная Поляна ауылдық округінің әкімі болып Шайжанов Жайдар Абдуллаұлы, К.Мыңбаев ауылдық округінің әкімі болып Мұстафин Сержан Шайхыұлы және Өспен ауылдық округінің әкімі болып Мақсат Нұрмұхамбетұлы, Шет ауылдық округінің әкімі болып Танатпай Бектас Мұхамбетбекұлы сайланды.
Жаңа әкімдерді аудан әкімі Мұхит Сайлауұлы арнайы құттықтап, жергілікті қоғамдастық өкілдерімен таныстырып, алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай – ақ, аудан басшысы халық сенім білдірген соң, елдің игілігі үшін жұмыс жасау басты міндет екендігін атап өтті.