
Медицина қызметкері болу мәртебелі, әрі жауапты мамандық екені белгілі. Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні ретінде кеңінен атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында, Ақадыр ауруханасында акушер-гинеколог болып, көп жылдар қызмет етіп келе жатқан Г.Қоянбаева Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтау саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, аудан әкімі М.Мұхтаров медицина саласының қызметкерлерін құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттады. Жиын барысында, аудан әкімі халықтың денсаулығы үшін елеулі еңбек етіп жүрген, әсіресе қазіргі әлемді жайлаған індет өршіп тұрған сәтте сауатты да, сапалы қызмет көрсетіп жүрген ақ халатты абзал жандарға алғыс айтты.
Дертке шипа, денге саулық сыйлайтын абзал жандар отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз! Мемлекетіміздің медицина саласына адал қызмет етіп, абыройлы болыңыздар! Еліміздің бүгіні баянды, ертеңі нұрлы, келешегі келбетті болсын!