
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосып, ерікті жастардың алдыңғы қатарында жүріп, игілікті іс – шараға белсене атсалысып жүрген бір топ белсенді жастар аудан әкімінің Алғыс хатымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Ауданымыздың белсенді жастарына алдағы уақытта да жарқын жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.