
Дзюдодан ұлттық құрама мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2018 жылғы 21 қаңтарда Тунисте өткен дзюдо күресінен әлем чемпионатының Гран-при иегері, Жапонияның Токио қаласында өтетін XXXII Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алушы жерлесіміз Смағұлов Жансай Жанатұлын үлкен байрақты бәсекеге шығарып салу жиыны өтті.
Жиын барысында аудан әкімі М.Мұхтаров кіндік қаны тамған Кіші Отаны Шет ауданы халқының атынан үлкен сапарына сәттілік тілеп, аудан ақсақалдары ақ батасын беріп, аудан әкімдігі тарапынан 1 млн теңгенің сертификатын табыстады.
Еске сала кетейік, Токио Олимпиадасы 2021 жылы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында Жапонияның Токио қаласында өтеді. Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынатын болады. Олай болса, жерлесіміз Жансайдың бағы мен бабы қатар келіп, елге, туған жерге Олимпиада чемпионы атанып келуіне тілектестік білдіреміз.