
22 маусым күні Ақадыр кентінде полиция күні мерекесі қарсаңында, полиция бөлімі ғимаратының жанында, қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза болған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған ескерткіш тастың ашылу салтанаты өтті.
Тағылымы мол шараға облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әлиев Қ.Ж., аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин, аудандық полиция бөлімінің басшылық құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері мен қаза болған марқұмдардың туыстары қатысты. Жиналғандар, ескерткіштің жамылғысын ашып, гүл шоқтарын қойып, марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Соңынан марқұмдарға арналып ас беріліп, құран бағышталды.