
Шет ауданы әкімінің орынбасары қызметіне Кәрсембаев Дәурен Құралұлы тағайындалды.
Дәурен Құралұлы еңбек жолын 2004 жылы Ақадыр кентіндегі А.Ермекова атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастап, 2009 жылдан мемлекеттік қызметте.
2011-2017 жылдар аралығында Ортау ауылдық округінің әкімі болып қызмет жасады. 2017 жылдың тамыз айынан - қазіргі уақытқа дейін Ақадыр кентінің әкімі қызметін атқарып келді.
Жаңа қызметке тағайындалған орынбасарды аудан әкімі М.Мұхтаров таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тілеп, сенім білдірді.