
Бұқаралық ақпарат құралдары - қоғамның бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің руханиятын, мәдениетін, тыныс-тіршілігін көрсетіп, жағымды жаңалықтарымен сүйіншілейтін жақын серігіміз.
Айтулы мерекеге орай, ҚР "Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен М.Сәдуақасов марапатталса, Қарағанды облысының қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін С.Жосалбай құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, аудан әкімі М.Мұхтаров жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүрген Ш.Мұқаев, Ұ.Әбдиева, А.Мадалиева сынды бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін алғыс хаттарымен марапаттады.
Мерейлі мереке құтты болсын, ұшқыр қалам иелері! Жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болсын!