
Аудан әкімі М.Мұхтаров ауданымыздағы халықты жұмыспен қамту орталығының құрылғанына 10 жыл толу мерейтойымен құттықтады. Ауданымыздың әлеуметтік сала қызметкерлері әлеуметтің әлеуетін көтеру, бұқараны жұмыспен қамту мақсатында жүктелген міндеттерді орындап, жоспарларды жүзеге асыруда елеулі еңбек етуде.
Айтулы мереке қарсаңында, жалпыға ортақ игілікті жолда жемісті қызмет етіп жүрген әлеуметтік сала қызметкерлері аудан әкімінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Әлеуметтік сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтай отыра, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз! Еңбекте жемісті болыңыздар!