
Ауданымызда коронавирусқа қарсы екпе егу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Статистикалық мәліметтерге келер болсақ, вакцинаның I компонентін 5925 адам, II компонентін 2259 адам қабылдап үлгерді. Аудан бойынша вакцина алуға тиісті 17886 адам бар. Қазіргі таңдағы көрсеткіш бойынша орындалысы 33 пайызды құрайды. Айта кетерлігі, Ақсу-Аюлы, Ақадыр, Ақжал, Красная Поляна, С.Сейфуллин округтері мен кенттері вакцина қабылдауда белсенділік танытуда.
Медициналық пунктерде КВИ-ға қарсы вакцина жеткілікті. Бүгінгі таңда «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасы бар, екпе егу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, ауданымызға халықты иммундау үшін 300 доза қытайлық «CoronaVac» вакцинасы жеткізіліп, барлық дозасы егілді.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары әлі де жалғасуда. Екпе егуге ниетті аудан тұрғындары егу пунктіне келіп, вакцина салдыра алады.
Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына жанашыр болыңыз!