
Қарағанды облысы ағымдағы жылдың 26 маусымынан бастап "қызыл" аймаққа кірді. Өткен аптамен салыстырғанда осы аты жаман ауруға шалдығу 23%-дан асқан. Жұқтыру жағдайларының көбеюі Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Шахтинск, Саран қалаларында және Ақтоғай, Жаңаарқа, Абай аудандарында байқалған. Коронавирустық инфекция жайттарының көбеюін ескере отырып, мамандар жаппай екпе алуға шақырады.