
Ауданымызға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Әбдікеров Рысқали Қалиақпарұлы келді. Қарағанды облысына жоспарланған іс-сапар аясында Шежірелі өлкеміз Шет ауданына келіп, 2020 жылы аудандық орталық ауруханада өткен күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысты. Сонымен қатар, жаңа сайланған мәслихат депутаттарымен, аудан активтерімен кездесіп, жиын өткізді.
Жиын барысында, алда өткізілетін ауыл, кент әкімдерінің сайлауындағы бірқатар өзгерістер мен енгізілген жаңа пунктермен таныстырып, депутаттардың өзіне жүктелген міндеттері мен атқаратын функцияларын атап өтті. Жиынға қатысушы құқық қорғау органдарының мамандарына арналған ақпараттар келтіріп, өзекті мәселелер жайында сөз қозғап, оларды шешу жолында жасалып жатқан шараларды атап айтты.
Сондай-ақ, ауданымыздағы көтеріліп жүрген мәселелерді тыңдап, сол мәселелердің шешу жолына бағыт-бағдар берді.
Сөз соңында аудан әкімі М.Мұхтаров жұмыс сапарымен келген Сенат депутатына алғыс білдірді.