«Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» облыстық фестивалі

«Сарыарқаның  көшпелі  мәдениеті» облыстық фестивалі

Халқымыздың ұлттық қолөнерін, рухани құндылықтарын сақтау, шығармашылығын дамыту мақсатында ауданымызда алғаш рет «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» облыстық фестивалі өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген шараға аудан бойынша халық арасынан шыққан дарынды, талантты өнерпаздар және қолөнер шеберлеріміз қатысты.