
Құрметті балғындар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр үйдің базары мен ажарына айналған балауса балғындар еліміздің ертеңгі тірегі, жарқын болашағы. Сол себепті сіздердің дұрыс білім алып, жоғары оқу орындарында оқу оқып, өз таңдаған мамандықтарыңыз бойынша қызмет жасауға барлық жағдай жасалған. Біздің ауданымызда да өздеріңізге арналып, жыл сайын ойын алаңдары мен футбол, хоккей корттары салынып, өнер, спорт үйірмелері жұмыс ауқымын кеңейтіп келеді. Ал, сіздердің міндеттеріңіз осы мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып, ата – аналарын мен ел – жұртымыздың ақ үмітін ақтау.
Қадірлі ата-аналар!
Жүзімізді жадыратып, жүректегі мұзды ерітетін сәбидің сыңғыр күлкісі екені белгілі. Ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ! Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес» - деген сөзі бар. Балалы үйді базарға теңеген бабалардың сөзі де санамызда.
Маусым айының алғашқы күнін балалар мерекемен қарсы алады. Олардың тыныштығы мен болашағын бүкіл әлем болып қорғалатын күн ретінде мерекелейді. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл атаулы күннің берекесі баянды бола берсін! Мамыражай тіршіліктің саясында бүр жарып, гүлдеп, өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің білім алуы мен мүмкіндігін таныту жолында жасалуға тиісті жағдайлар жүзеге асып жатыр деп сеніммен айтамын.
Құрметті балауса балғындар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп, ел іміздің мақтаныштары болуларыңызға тілектеспін! Дендерін сау, болашақтарын жарқын болып, ауданымыздың, еліміздің мақтанышына айналып, үлкен азамат болып өсе беріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!