
31 мамыр елімізде "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні". Аудан орталығында да аталған күнге байланысты іс - шаралар өткізілді. Аудан әкімінің орынбасары М.Жумкин мен аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов, жазушы, қоғам қайраткері Кәмел Жүністегі мен бір топ азаматтар ашаршылық пен саяси репрессия құрбанына айналған жерлестеріміз бен ата - бабаларымызды еске алып, аудан орталығындағы Қаратөбе маңына барды. Ауданымыздың абыз ақсақалы Кәмел Жүністегі тарих бетінде таңба болып қалған естеліктерімен бөлісті. Тарих қойнауына кірген зобалаң кезеңнің бастан өткеніне ғасырға жуық уақыт өтсе де жарасы жазылмаған. Халық жадында сақталған. Ендігі де еліміздің аспаны ашық, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!