Ардақты ағайын! Құрметті жамағат! 31 мамыр - саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын ел болып еске алатын күн.

Ардақты ағайын! Құрметті жамағат! 31 мамыр - саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын ел болып еске алатын күн.

Ардақты ағайын!
Құрметті жамағат!
31 мамыр - саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын ел болып еске алатын күн. Біздің барша халқымыз үшін бұл күн ерекше тарихи мәнге ие. ХХ ғасырдың 30 – 40 жылдарындағы жаппай саяси қуғын – сүргін миллиондаған адамдарға қайғы – қасірет әкелді. Қолдан ұйымдастырылған ашаршылықтан халқымыз 40 пайыз санынан айырылды. Ұлтымызды жақсылары мен жайсандары жаппай репрессияға ұшырады.
Бұл нәубет біздің ауданның халқын да айналып өткен жоқ. Енді ғана аудан орталығы болған Ақсу – Аюлы мекенінде бір үзім нанға жете алмай ажал құшқандар да жетерлік. Тек осы қорымда аштан өлген 400 - ден астам адамның сүйегі жатыр. Сол жылдары нәубетке шарпылмаған, аштық тауқыметін тартпаған қазақ қалған жоқ.
Құрметті жерлестер!
Қалың елдің басына өлшеусіз қайғы – қасірет төндіріп, жазықсыз жандарға, олардың отбасы мүшелеріне жапа шектірген зұлмат жылдардың зар мұңы кейінгі буын өкілдерінде бей – жай қалдырмайды. Өткеннің ауыр сабақтарын сараптай отырып, адамзаттың бүгінгі және болашақтағы тарихында осындай зұлматты болдырмауды міндеттейді. Тарихымыздың қасіретті беттері, саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандары әрқашан біздің жадымызда және оны ұмытпай еске алып отыру біздің қасиетті борышымыз.
Жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған марқұмдардың жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын. Еліміздің аспаны ашық, Тәуелсіздігіміз тұғырлы,мемлекетіміз ғұмырлы болсын!