📮 АҚАДЫР КЕНТІНДЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ!

📮 АҚАДЫР КЕНТІНДЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ!

📮 АҚАДЫР КЕНТІНДЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ!

2021 жылдың 28 мамыры аудан прокуратурасының бастамасымен пробация қызметі есебіндегілерге, алимент төлеуші тұлғаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімі мен ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Ақадыр кентіндегі мәдениет үйі ғимаратында бос жұмыс орындары және мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шара кент тұрғындарының (елдегі карантин талаптарын сақтай отыра) қатысуымен және онлайн форматында ұйымдастырылып, жұртшылыққа 7 жұмыс беруші мекемелер тарапынан 54 бос жұмыс орындары ұсынылды. Сондай- ақ, жұмыс ұсынушы мекемелер ретінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жол жөндеу бойынша мердігер
«Olja jol» ЖШС мен «Электрожабдықтау» ЖШС-нің өкілдері қатысты. Жалпы жәрмеңкеге 29 тұлға онлайн, 34 азамат офлайн түрінде қатысып, жалпы саны 63 адамға консультативтік кеңес берілді. Жәрмеңке барысында 12 адам тұрақты жұмысқа орналыстырылды және 5 адам www.enbek.kz сайтында жұмыс іздеуші ретінде тіркелді.
Айта кетелік, жұмыспен қамту орталығы тарапынан пробация қызметі есебіндегілерге, алимент төлеуші тұлғаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында өз істерін ашуы үшін қайтарымсыз грант пен жеңілдетілген несие алуларына толықтай мүмкіндік бар. Сонымен қатар, өз еркімен ниет білдірген тұлғалар қысқа мерзімді кәсіптік оқуды тегін оқи алады. Осындай маңызды мағұлматтар мен пайдалы ақпараттарға толы бос жұмыс орындары мен мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі алдағы уақытта ауданға қарасты барлық елді – мекендерде өтіледі деп жоспарлануда.