Босаға ауылдық округінің әкімі К.Рахметов 5 жылдық даму жоспарын аудан әкімінің алдында қорғады.

Босаға ауылдық округінің әкімі К.Рахметов 5 жылдық даму жоспарын аудан әкімінің алдында қорғады.

Босаға ауылдық округінің әкімі К.Рахметов 5 жылдық даму жоспарын аудан әкімінің алдында қорғады. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары да қатысты. Ауылдық округте атқарылған жақсы жаңалықтарымен таныстыра келе, болашақтың еншісіндегі ауылдың даму жоспарын айта кетті. Көшелерге жарық шамдар орнату, игерілмеген жерлерді қайтару, абаттандыру жұмыстарын жетілдіру, тазалық жұмыстарын қадағалауға арналған тапсырмалар берілді. Киікті ауылдық округінің әкімі М.Смағұлов 5 жылдық даму жоспарын қорғады. Жиынға аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары қатысты. Ауылдық округте атқарылған жұмыстармен танысқаннан соң, аудан әкімі алда атқарылатын жұмыстарға байланысты ФАБ пен мәдениет үйіне жаңа ғимарат қарастыру, көше бойына жарық шамдарын орнату, әкімшілікке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, балаларға арналған ойын алаңын салу сынды тапсырмалар берді.