
Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі Б.Такишов округтің 5 жылдық даму жоспарын қорғады. Бұл жиынға аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан әкімінің орынбасарлары және мекеме басшылары қатысты. Округ әкімі атқарылған жұмыстары мен алда жасалуға тиіс жұмыс жоспарымен бөлісті. Аудан әкімі С.Сейфуллин атындағы саябақтың жарығына жөндеу жұмыстарын жүргізу, абаттандыру жұмыстарын қолға алып, ішкі көше жолдарын асфальттау, жарық шамдарын орнату сынды тапсырмалар берді.