Қадірменді ұстаздар мен ата-аналар! Құрметті мектеп бітіруші түлектер мен оқушылар!

Қадірменді ұстаздар мен ата-аналар! Құрметті мектеп бітіруші түлектер мен оқушылар!

Қадірменді ұстаздар мен ата-аналар!
Құрметті мектеп бітіруші түлектер мен оқушылар!
Баршаңызды биылғы оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн 11 жыл бойы мектеп қабырғасында білім алған ұл – қыздарымыздың үлкен өмірге қадам басатын маңызды сәті. Жарқын болашаққа жол тартқалы отырған барша шәкірттеріміздің өмірінде бұл күн ерекше ұмытылмас, қимас сезімге толы қайталанбас кез болып сақталып қалмақ. Биылғы жылы мектеп қабырғасын 360 түлек тәмәмдаса, оның 16 – сы «Алтын белгі», 16-сы "Үздік аттестат" иегерлері атанбақ.
Ауданымызда тағылымды тарихы бар 48 білім ошақтары мыңдаған баланы білім нәрімен сусындатып, жемісті қызмет етуде. Олар еліміздің әр аймағында түрлі салаларда үлкен қызметтер атқарып, ауданымыздың мақтанышына айнала білген тұлғалар.
Құрметті жерлестер!
Ұлағатты ұстаздарымыздың тынымсыз адал қызметтері де өзінің оң нәтижелерін беруде. Ауданымыздағы білім сапасы жыл сайын артып, шәкірттеріміз аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атануда. Осындай жетістіктерге бастап отырған барша ұстаздар қауымына аса зор алғысымды білдіремін.
Құрметті мектеп бітіруші түлектер!
Адамзат баласы өмір бойы білім жинайды. Өйткені, білім – жалықтырмайтын жол, таусылмайтын қазына.
Алда үлкен сынақ Ұлттық бірыңғай тестілеу тұр. Биылғы жылы да Сіздер бұл сынақтан сүрінбей өтіп, бойдағы білімдеріңізді дәлелдеп, жылдағыдай жоғары ұпай алуларыңызға тілектеспін.
Сіздердің болашақта жоғары және арнаулы орта білім ошақтарында сапалы білім алып, білікті маман болып шығуларыңызға елімізде барлық жағдай жасалып отыр
Өзіміздің ұл – қыздарымызды қай жерде, қандай оқу орнында болмасын үлгілі нәтиже көрсетіп, биік белестерден көру – біз үшін үлкен қуаныш, әрі жоғары мәртебе. Ал, кәсіби білім алғаннан кейін ауданымызға келіп, туған жерлеріңіздің көркейуіне ат салысып, өз үлестеріңізді қосатындарыңызға сенімдімін.
Үлкен өмір жолына басқан қадамдарың сәтті болып, жоғары биіктерден көріне беріңіздер! Сәт – сапар, ақжол тілеймін!

Аудан әкімінің құттықтау сөзі