ІНДЕТТІ ЖЕҢУДІҢ ЖОЛЫ – ЕКПЕ САЛДЫРУ

ІНДЕТТІ ЖЕҢУДІҢ ЖОЛЫ – ЕКПЕ САЛДЫРУ

Вакцинациялау - еліміздегі эпидемиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік беретін тиімді тәсілдің бірі. Қазіргі уақыттағы вакцинациялау қарқыны азаматтардың өздерінің саналы көзқарасына, жақындарының жағдайлары мен денсаулығын ойлауларына, жалпы иммунитетті күшейтудің пайдасы жайлы дұрыс көзқараста болуына байланысты. Қолданылып жатқан вакциналар қауіпсіз, тиімділігі тексеруден өткенін естен шығармау керек.
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау тұрғылықты екі орында, яғни аудандық орталық аурухана мен Ақадыр кенті ауруханасында жүзеге асырылып жатыр. Аудан бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 компонентін 1867 адам қабылдаған болса, вакцинаның 2 компонентін 460 адам салдырды. Айта кетерлігі, Көктіңкөлі және Өспен ауылдық округтері вакцина қабылдауда белсенділік танытуда.
Екпе егу пунктері әдеттегі режимде, 08:00 - 20:00 аралығында жұмыс істейді. Ауданымызға келіп түскен "Hayat Vaх" вакцинасынан бүгінгі таңда 169 доза қалды. Екпе егуге ниетті аудан тұрғындары егу пунктіне келіп, вакцина салдыра алады.