
Ортау ауылдық округінің жаңадан тағайындалған әкімі Р.Ашенов ауылдың 5 жылдық даму жоспарын аудан әкімінің алдында қорғады. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары да қатысты. Округ әкімі ауылдың жақсы жаңалықтарымен бөлісіп, алда орындалатын жұмыстарының жоспары жайында баяндады. Ауылдық округте пайдаланылмай жатқан жер телімін мемлекеттік жер қорына қайтару, интернет жүйесі және байланыс мәселелерін қосу жолдарын қарастыру, салық түсімінің орындалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыстар атқару үшін тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, ауылдық округ бойынша мәдениет саласында туындаған мәселелерді шешу жұмыс жоспарына қойылды.