
Өспен ауылдық округінің әкімі Ж.Аманжолов округтің 5 жылдық даму жоспарын аудан әкімінің алдында таныстырды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары да қатысты. Округте орындалған жұмыстармен таныстырып, болашақта орындалуға тиіс жұмыс жоспарымен де бөлісті. Алда ауыл көшелерін жарықтандыру, Өспен ауылының полигонын қоршау, мал қорымын салу, балаларға арналған ойын алаңын салу бойынша жұмыстар тапсырылды және мәдениет үйіне қатысты мәселелер күн тәртібіне қойылды.
Сонымен қатар, Красная Поляна ауылдық округі әкімінің м.а Д.Матибековте округтің 5 жылдық даму жоспарын аудан әкімінің алдында таныстырып, округте атқарылатын жұмыстар жайында баяндады. Округті абаттандыру, ауылдың орталық көшелеріне жарық шамдарын орнату, асфальт төсеу сынды жұмыстарды орындау жүктелді.
К.Мыңбаев атындағы ауылдық округінің әкімі А.Копенов округтің 5 жылдық даму жоспарын аудан әкімінің алдында таныстырды. Округте мал саны бойынша өсім байқалады. Байланыс жүйесін орнату, саябақты абаттандыру, ауыз су құбырының су ұңғымаларын тазарту, көше жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады