Құрметті аудан тұрғындары! Вакциналар - заманауи медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі.

Құрметті аудан тұрғындары! Вакциналар - заманауи медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі.

Құрметті аудан тұрғындары! Вакциналар - заманауи медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі. Вакциналардың арқасында бүкіл әлемде вакцинамен басқарылатын инфекциялардың жиілігі мен өлімі жағдайлары азайған. Бүгінде коронавирусқа қарсы вакциналардың оң нәтижесі байқалады. Еске сала кетейік, ауданымызға коронавирустық инфекцияға қарсы Hayat-Vax вакцинасының 500 дозасы келіп түсті. Hayat-Vax вакциналары 6 мамырдан бастап қолданыла бастайды. Аталған вакцинаны 1 адамға 2 дозасын енгізу ұсынылады, екінші доза 14 күннен соң жүргізіледі. Сақтау шарттары +2 - +8 градус. Сонымен қатар, сәуір айының ортасынан бастап алғаш вакцинациялаудан өткен аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлерін екінші дозасын қабылдауға шақырамыз. Екпе егу кабинеттері алдағы мереке күндері, 7 - 10 мамыр аралығында 08:00 ден 20:00 ге дейін үзіліссіз қабылдайтынын ескертеміз.