
Талды ауылдық округінің әкімі А.Нуркеева да 5 жылдық даму жоспарын қорғады. Округ әкімі ауылдың жақсы жаңалықтарымен бөлісіп, алда орындалатын жұмыстарының жоспары жайында баяндады. Округтің орналасқан жері ауылшаруашылығымен айналысуға қолайлы және инфрақұрылым жақсы дамығандығын айта өтті. Округте туризмді дамыту да жоспарда бар. Сонымен қатар, жиында жарықтандыру мәселесі көтеріліп, алдағы жұмыс жоспарына қойылды. Алда ауылды көркейту, дамыту, бос жатқан ауылшаруашылық жерлерді қайтару, жарықтандыру, салынып жатқан жеке меншік тұрғын үйлердің құжаттарын рәсімдеу, ауруханаға жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауыл маңында табылған қола дәуір пирамидасына баратын жолға көпір салудың құжаттарын дайындау сынды тапсырмалар берілді.