
Бүгін белгіленген кесте бойынша Ақшоқы ауылының әкімі Р.Абенова 5 жылдық даму жоспарын аудан әкімінің алдында қорғады. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары да қатысты. Округ әкімі орындалған жақсы жаңалықтармен бастап, ауыл үшін мәселе болатын жағдайларды да баяндады. Ауыл ішіндегі көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауыл тұрғындарына футбол-хоккей алаңы салынып, қазіргі таңда қолданыста. Жыл сайын мектеп оқушыларының саны артуда. Мал саны бойынша жыл сайынғы өсім байқалады. Ауыл ішіне түрлі билбордтар орнатылған және мемориалдық тақтаны жаңарту жұмыстары жалғасуда. Ауыл тұрғындарына ауызсу мұнарасын орнату басты мәселе ретінде қойылып, жоспарға алынды. Алда саябақты абаттандыру, балаларға ойын кешенін салу, көше шамдарын орнату, бұзылған үйлердің орнын шығару, бос немесе игерілмеген жерлерді қайтару т.б жұмыстары бойынша тапсырма берілді.