Қазіргі таңда ауыл, кент әкімдерінің 5 жылдық даму жоспары аудан әкіміне таныстырылуда.

Қазіргі таңда ауыл, кент әкімдерінің 5 жылдық  даму жоспары аудан әкіміне таныстырылуда.

Қазіргі таңда ауыл, кент әкімдерінің 5 жылдық даму жоспары аудан әкіміне таныстырылуда. Күні кеше ғана белгіленген кесте бойынша Төменгі Қайрақты ауылының әкімі Д.А.Жакупов даму жоспарын қорғады. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары да қатысты. Төменгі Қайрақты ауылдық округінің экономикалық дамуы қарқынды және кәсіпкерлік пен мал саны бойынша жыл сайынғы өсім байқалады. Ауылда аббаттандыру жұмыстары жасалып, жарық-шамдар орнатылған. Жалпы жасалған әрбір жұмыстардың құжаттары тиянақты дайындалып, заңды түрде рәсімделген. Жалпы округ бойынша 4 көп қабатты тұрғын үйлерді кондоминиум нысаны ретінде тіркеу қажет. Алда елді-мекен жерін кеңейту жұмыстарын жүргізу, салық түсімін орындау және ауыл саябағына қоршау, футбол алаңының жанына спорттық құрал-жабдықтар орнату керектігі жайында тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, жолға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау жайында да айтылды. Әр жыл сайын ауылдың бір көшесін асфальттау үшін жұмыстар жүргізу керектігі тапсырылды. Бұған дейін Ақой, Батық және Шет ауылдық округтерінің әкімі қорғағандығын еске сала кетейік.