ЕКПЕ ТУРАЛЫ

ЕКПЕ ТУРАЛЫ

ЕКПЕ ТУРАЛЫ
Қазіргі күн тәртібінде ең ауқымды тақырып – коронавирусқа қарсы вакциналар екені белгілі. Осы жайында тарихқа көз жүгіртер болсақ, вакцинаның көмегімен жойылған аты жаман аурулар қаншама. XX ғасырда халыққа қауіп төндірген түрлі індеттер бізге мәлім. Тарихтан белгілі оба, тырысқақ, сүзек, шешек сынды аты жаман аурулардан да екпенің көмегі арқылы жеңіп шыққан болатынбыз. Бұл індеттерден жер бетінде қанша жанның көз жұмғанын ешкім дөп басып айта алмайды. Бір анығы, олар миллион емес, миллиардтан да асып жығылды. Сапырылысқан көші-қонның салдарынан адамзат баласы араға ғасыр салып, тағы бір індетпен бетпе-бет келді.Алайда, әлем болып бұл дертке қарсы күрес жүргізіп, нәтижесінде вирусқа қарсы вакцина әзірленді.
Ауданымызда да коронавирусқа қарсы екпе егу қарқынды жүргізілуде. Белгілі болғандай ауданымызда ресейлік «Спутник – V» екпесін медицина, әкімдік, білім, құқық қорғау салаларының мемлекеттік жұмыскерлері мен қызметкерлері және басқа да топтар қабылдаған болатын. Енді міне күні кеше аудандық орталық ауруханада Отандық «QazVac» екпесі салына бастады. «QazVac» екпесінің өзге вакциналардың ерекшелігі – оны жеткізу процесі күрделі тоңазытқыш құрылғыларын қажет етпейтіндігінде» - дейді мамандар. Екпе 21 күн аралықпен екі рет жүргізілетін болады.
Вакциналау – тап қазір аурудың алдын алып, адам өмірін сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакцина алу арқылы біз өзімізді ғана емес, айналамыздағы адамдарды да қорғай алу мүмкіндігіміз бар екенін біле жүрейік. Вирусқа қарсы вакциналау аудандық орталық аурухана мен Ақадыр кенттік ауруханаларында арнайы дайындалған орындарда жүзеге асырылуда. Аталмыш орындар екпе салдырушыларға үзіліссіз апта бойы жұмыс жасайды. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіздер!