
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы іс-сапар барысымен Нұраталды ауылдық округіне қарасты "Қадам" шаруа қожалығының жұмысымен танысып қайтты.«Қадам» шаруа қожалығы қызметінің негізгі бағыты – мал және егін шаруашылығы. Шаруа қожалығында жылыжай да жасалып, түрлі көкеністер өсіруді жоспарлап отыр екен. Бүгінде аталмыш шаруа қожалығы 6 адамды жұмыспен қамтыған. Мал шаруашылығы – бұл ауыл шаруашылығының ерекше саласы. Қазіргі таңда шаруашылықта барлығы 70-тен астам ірі қара мал тіркеліп, сауын сиырларынан аптасына 3 тонна сүт алып отыр.
«Қадам» шаруа қожалығы автоматтандырылған, техникасы дамыған, қарқынды дамып келе жатқан шаруашылықтардың бірі.Аталмыш жұмыстарды аралаған аудан басшысы шаруашылық иесінің жұмыстарына сәттілік тілеп,мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қолдаулар туралы айтып өтті.