
Бүгін "8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні" қарсаңында аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Әбілдин, аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов, Ақсу - Аюлы ауылдық округінің әкімі Б.Такишов, аудан әкімі жанындағы отбасылық демографиялық саясат жөніндегі әйелдер кеңесінің хатшысы Г.Ахметова ауданымыздағы 93жасқа келген қарт ана Сұлтанова Мәкен апа мен алтын құрсақ көпбалалы,жалғызбасты ана Үмітжан Боханованың шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтап, сыйлықтар мен мерекелік себеттер табыс етті.Өздеріне арнайы келіп, мерекелік көңіл күй сыйлап жатқан әкімдік өкілдеріне аталмыш жандар шынайы алғыстарын білдірді.