«2021 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау»

«2021 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау»

Ағымдағы жылдың 4–5 наурыз аралығында «2021 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем – 2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында аудандық авариялық- құтқару қызметтерімен практикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Шет ауданы әкімінің орынбасары А.Әбілдин, ТЖБ-нің бастығы Б.Арыстанбековпен бірге авариялық-құтқару қызметтерінің дайындығын тексерді. Оқу-жаттығу барысында хабарлау және байланыс жүйесінің дайындығы, болжау және диспетчерлік қызметтерінің жұмысы бағаланды.
Бағдарлама бойынша ауданның барлық елді мекендерінде арықтар мен автокөлік және теміржолдардың су өткізу құбырларын тазалау жұмыстары жүргізілді. Ерікті жастар су басу қауіпі бар үйлердің аулалары қардан тазалап, көмек көрсетті.
2020 жылы су тасқынына дайындық шеңберінде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде аудандағы ірі су қоймаларының бөгеттеріне нығайту жұмыстары жүргізіліп, шайылу қауіпі бар жолдарға су өткізу құбырлары салынды. Су тасқыны кезеңі бойынша дайындық іс-шаралары жалғасуда және бақылауда.