
Бүгін ауданның халықты мәдени - сауықтыру орталығында «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай, «Әлемнің жарығы» атты салтанатты жиын өтті. Аталмыш шараға елдегі карантин талаптарын сақтай отыра, аудан әкімдігі қызметкерлері мен ауданымыздағы тыл ардагерлері мен «Алтын алқа», Күміс алқа» иегерлері қатысты.
Кеш басталмас бұрын келген қонақтар аудандық кітапхана орталығы ұйымдастырған «Әлемді шаттық пен сұлулыққа толтырған» атты кітап әлеміндегі ақын – жазушы, ғалым әйелдердің шығармашылығын тамашалады. Осыдан кейін, сахына шымылдығы аудандық мәдениет үйіндегі «Жігіттер» тобының орындауындағы «Анаға сәлем» атты әсем әнімен ашылып, мың бұрала билеген бишілер мерекенін көркін кіргізді. Шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Әбілдин барша әйелдер қауымын көктемнің көрікті мерекесімен құттықтап, ауданымызда түрлі салаларда жемісті еңбек етіп жүрген бір топ әйел азаматтарға марапат қағаздарын тапсырды. Марапаттар аяқталған соң аудандық мәдениет үйі мен С.Мұхамеджанов атындағы балалар өнер мектебінің өнерпазадарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылып, ақ жаулықты аналарға аудан әкімінің гүл шоқтары табыс етілді.Айта кетелік, аталмыш мереке қарсаңында аудан орталығындағы 150ге жуық «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерлеріне бағалы сыйлықтар таратылып берілді.