
БҰҰ БЖКБ-мен бірлесе отырып,құжатсыз тұратын,құжаттары жарамсыз және мәртебесі реттелмеген,оның ішінде ТМД елдерінің бірінен жарамсыз паспорты бар адамдарды,сондай-ақ 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын уақытылы ауыстырмаған Қазақстан Республикасы азаматтарын анықтау бойынша акция 2021 жфлдың 5 мамырына дейін ұзартылғанын хабарлаймыз.Жоғарыда көрсетілген себептермен ҚР жеке куәліктері жоқ тұлғаларды,өз мәртебелеріңізді реттеп алуларыңызды сұраймыз.Барлық сұрақтар бойынша ақпаратты Шет ауданының ПБ Көші-қон қызметінен келесі мекен-жай бойынша:Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылы Жапақов көшесі 23/1(ХҚКО ),телефон :871031-21759 біле аласыздар.